31 Мамыр 2021
Новости KZ Шолаксайская средняя школа

Балалар әлеміндегі әдебиеттер

Балалар әлеміндегі әдебиеттер

 

Түсінік хат

Балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін баспалдақ болады. Балалар әдебиеті ертегілерден бастау алып- қазақтың ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған қазына.Жасөспірімдерді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Мақсаты: Оқушыларға балалар әдебиетін насихаттау арқылы - кітап оқуға баулу. Балалар әдебиетінің жанашыр қаламгерлері туралы дәріптеу, оқушылардың жазғы демалысы уақытында бағдарламаға сай қосымша әдебиеттерді оқуға кеңес беру.
Міндеті: Балалардың рухани мәдениетін әдеби кітаптарды оқыту арқылы сөздік қорларын байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, имандылыққа баулу арқылы білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу.
 

Шолақсай жалпы білім беретін мектепте мектеп оқушыларына арнап кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесін ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – балалардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруге көмек көрсету. Әрбір баланың ішкі дүниесін дамытып, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу, балалық шақ құндылықтарын насихаттап, әлем туралы жан-жақты және шынайы ақпарат алуын қамтамасыз етуге себепкер болу. Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Өзінің қалыптасуы, даму барысында бірнеше жүз жылдықтарды қамтитын қазақ балалар әдебиетінің өз тағылымы бар, уақыт пен қоғамда болып жатқан өзгерістер, сол кездердегі идеялогиялық қағидалардың әдеби шығармаларға тигізген әсерлері бүгінгі күні біраз әдеби шығармаларға басқа қырынан қарауды талап етеді. Сонымен қатар Әрбір ата-ана өз балаларының жақсы оқуын, білімді болғанын қалайды. Кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады. Балалардың рухани байлығын арттырудың сан түрлі жолдары бар. Балаға нанымды болу үшін оқиғаны көз алдына елестетіп, шынайы өмірде сезініп білуі тиіс. Бала өзінің оқығанын, естігенін өз көзімен көре алады, төл мұраларымен танысады, дүниетанымы кеңейеді, кітап әлемінің тарихымен қауышады. Осы ұйымдастырылған көрме арқылы біз балаларға  қазақ балалар әдебиетінің қыр сырын түсіндіре білдік деген ойдамыз.


Орындаған Шолақсай жалпы білім беретін мектеп кітапхана меңгерушісі: Айтекова О.Н